Алматы облысында сел жүрді (ВИДЕО)

Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпарат бойынша, селдің салдарынан Көксу кенішіне баратын жол жабылып қалған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 14 шілдеде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде сел болғанын хабарлады.

Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты, Көксу орман шаруашылығының 1 кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.