Мекеме ақпаратына сәйкес, сел Алма Арасан шатқалында Құмбелсу өзенінде жүрген. 6-шілде күні 20 сағатта 38 мм-ге жеткен нөсер салдарынан бірнеше толқын сел жүрген. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ең жоғары сел ауқымы секуындына 100 текше метрге, 2-ші су электр станциясы маңында секундына 50 текше метрге жетті. Ал Үлкен Алматы өзеніндегі селге тосқауыл қоятын бөгет арқылы секундына 5 текше метрлік сел жүрді.
Сел Құмбел сағасындағы гидробекеттен Көкшоқы аулына дейінгі 5 көпірді бұзып кетті. Қазіргі жағдаймен Көкшоқы ауылына баратын жол жабылды. 7-шілдеде түнгі сағат 1-де "Сарбаз" қонақүй бекетінен "Қазақселден қорғау қызметінің" күшімен 48 адам басқа жаққа көшірілді.
Оқыс оқиға орнында адамдарды іздестіру шаралары жүргізілуде. 3 сағат 15 минутта жұмыстар тоқтатылды. "Қазавиаспас" РМК-ның екі тікұшағы ұшуға дайын тұр.