Алматы облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов жеңді (толықтырылған нұсқа)

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Н.Нұрманбетов 252 (83,4%) сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, "Айирмир" ЖШС заңгері Қанат Сүлейменов 50 сайлаушының (16,6%) дауысын жинады.
Жалпы алғанда Алматы облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 330 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 313 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 8 бюллетень жарамсыз деп танылды, ал 3 бюллетеньді депутаттар жәшікке салмаған.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында Алматы облысында заң бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.