Алматы облысында сенбі күні жоғалған МИ-8 тікұшағы табылды


Естеріңізге сала кетейік, МИ-8 тікұшағы сенбі күні Алматы облысының Алакөл ауданында жоғалып кеткен болатын. «ЕуроАзияЭйр» компаниясына тиесілі тікұшақ Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден қарау үшін жалға алынған-ды. Әуе көлігінің бортындағы 8 адамдың бесеуі экипаж мүшелері, қалғаны мұнай компаниясының қызметкерлері. Ал іздеу шараларының мұншалықты ұзаққа созылуын Көлік прокуратурасындағылар арнайы дабыл құрылғысымен жоқтығымен байланыстырып отыр. Яғни тікұшақ апатты жағдай туындағанын дер кезінде хабарлап үлгермеген. Осы оқиғаға байланысты кеше прокуратура қылмыстық іс қозғаған болатын. Бүгін енді олар еліміздің аумағында пайдалануға берілетін барлық тікұшақ парктерін қатаң тексеруді бастады.