Алматы облысында шенеунік көшеге ҰОС ардагерінің атын беру кезінде салғырттыққа жол берген

Аудан әкімінің Жылысай ауылындағы көшелердің біріне атқыштар ротасының командирі Омарбек Жолдасбаевтың есімін беру туралы 11.08.2014  жылғы №219 шешім  облыстық әділет басқармасында тіркелмеген.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасы аудан әкімі аппаратының басшысының үстінен әкімшілік іс қозғады. Сот қаулысымен шенеунікке 19 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Омарбек Жолдасбаев 1920 жылы Кеген ауданы Узум-Була ауылында туған.   338 атқыштар дивизиясы 1136 атқыштар полкінің рота командирі болған. Жарақаттануына байланысты 1944 жылы еліне оралды.


Сөйтіп өз ауданында түрлі қызметте болды. Алматы облысы Жамбыл ауданында 75 жасында қаза тапты.