Алматы облысында штаттан тыс полиция қызметкерлері іске кірісті

Штаттан тыс полиция қызметкерлері аудандағы барлық ауылдық округтерге таратылды. Олар полицияға қолұшын беріп, қоғамдық тәртіпті қадағалау міндетін атқарады. Штаттан тыс полиция қызметкерлері өз еріктерімен ақысыз жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың арасындағы ең белсенділері материалдық тұрғыда марапатталатын болады.

Ғ.Назарбаевтың айтуынша, айрықша белсенділік танытқан штаттан тыс қызметкерлер ішкі істер органдарына жұмысқа шақырылуы мүмкін.