Мекеме ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні 16 сағат 15 минутта түсті металл сынықтарын заңсыз жинаумен шұғылданатын отбасының жеке үйінің ауласында снарядты аралау барысында жарылыс болған. Соның салдарынан екі еркек пен 12 жасар ұл түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары түрлі калибрлі 24 снаряд тәркіледі.