Caravan Logo

Алматы облысында сотталғандар арасында қақтығыс болды: үш адам ауруханада

Алматы облысында сотталғандар арасында қақтығыс болды: үш адам ауруханада

Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖ мәліметінше, бұл оқиға 5 қазанда ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемеде болған.

"Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сотталғандардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің одан әрі күшеюіне жол бермей, жаппай тәртіпсіздікті тоқтатты.

Сотталғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауымен стационарда жатыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір мекемедегі жағдай тұрақты,", - делінген хабарламада.