Алматы облысында суға кеткен ресейлік азаматтың мүрдесі табылды


Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Алматы облысының Ескелді би ауданына қарасты Жалғызағаш ауылы тұсынан өтетін Көксу өзенінде «К-4» катамаранымен жүзіп келе жатқан 36 жастағы ресейлік азамат Р.Папировский осыдан 4-5 күн бұрын абайсызда суға кеткен болатын. Кеше, қас қарая ҚР ТЖМ-нің Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары оның мүрдесін тауып, судан шығарды.