«Ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары қозғалысында кідіріс болған жоқ. Алматы бөлімшесі апат орын алған учаскені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ арнайы комиссия құрды, деп хабарланды «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайтында.
Бұдан бұрын, 10 маусымда Алматы облысы Қаратал ауданы Қалпе ауылы маңында Қапшағай қаласына бағыт алған пойыздың сұйытылған газы бар екі
вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарланған болатын.