Алматы облысында сынап бағанасы 5 градусқа дейін суықтықты көрсетіп, қатқақ болады

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.