Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 тамыз күні түске дейін болған, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы.
"Қапшағай су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының үш слесарі №10 кәріз жүйесінің сору станциясындағы құдықты тазалау жұмыстарын атқарып жатқанда метан газынан уланып қалған.
Көз жұмғандар 1964, 1965 және 1967 жылы туған үш жұмысшылар.
Қазір құзырлы органдар қайғылы оқиға себептерін анықтап жатыр.