Алматы облысында тағы да жалған полицейлер қолға түсті

"Тағы бір оқиға Алматы облысында туындады. Бір жүргізуші жол полициясының экипажына шағымданып, Алматының маңындағы Жандосов ауылында "Мазда-626" жеке көлігінде қызметі күдік тудыратын қызметкерлер жұмыс жасап жүргенін айтқан", - деп хабарлады Б. Қожахметов. Оның айтуынша, сол түні көрсетілген жерден полиция қызметкерлері іздеген көліктерін тапқан. Онда үш адам болған. Олардың бірі жол полициясының аға лейтенантының формасында болған. Көлікте болғандардың бірі қашып үлгерген. Қалған екеуін қолға түсірудің сәті түсті.

Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, көлікті тексеру кезінде формалы киімнің заттары, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің әртүрлі қызметтік құрал-жабдықтары табылып, тәркіленген.

Б. Қожахметов хабарлағандай, тұтқындалғандар Қарасай аудандық ішкі істер органына жеткізілген. Қазір тергеуге дейінгі тексерістер жүргізіліп жатыр.

"Қашып кеткен жалған полицейдің аты-жөні анықталды. Қазір оған іздеу жарияланды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы.