Алматы облысында таңғы жетіде жер сілкінді

19 ақпанда сейсмологтар Алматының солтүстік-шығысынан 207 шақырым жерде, Алматы облысының Панфилов ауданында, сағат 07:10-да болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Today.kz Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің энергетикалық классы – 9.7, магнитудасы – MPV 4.7 болған. 


Тереңдігі – 5 километр.