Алматы облысында тасқын салдарынан бірнеше жол мен құмнан тұрғызылған бөгеттерді су шайып кетті

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазақселден қорғау" қызметінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, 2007-жылғы шілденің 22 мен 23 аралығында сынап бағанасының төмендеуіне байланысты түскен ылғалдан өңірдегі барлық өзендерде тасқын түзілді, ылғал көлемі 20-70 мм болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Өсек өзенінде түзілген тасқыннан Еңбекші ауылынан жоғары қарай жергілікті маңызы бар жолдың 6 метрдей бөлігін су шайып, егістік алқаптары су ішінде қалды. "Жамбыл ауылы маңында 10 метр жолды, Лесновка ауылының маңында құм бөгетті су шайып кетті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Жаркент қаласы маңында да бөгетті су шайды. Қорғас өзеніндегі тасқын сулары кедендік бекет ауданындағы коммуникациялық жүйелерді су басып қалды. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті