Алматы облысында таулы жерде қалып кеткен 52 адам эвакуацияланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының құтқарушылары таулы аймақта сынып қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады, онда 52 адам болған, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Автобус Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылынан 25 шақырымдағы Көкпекті асуы маңында Бұғыты тауында сынған.


Туристердің барлығы - Алматы қаласының тұрғындары. Олар ең жақын елді-мекенге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар ол арадан жолай ұстаған көліктермен Алматыға жетіп алды