Алматы облысында тегін инватакси қызмет көрсете бастады


Инватакси жұмысының арқасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз жұмыс орындарына, халыққа қызмет көрсету орындарына және өзге де қажетті орындарға жайлы әрі тегін жетуіне жағдай жасалды.

Инватакси қызметін пайдалану үшін, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында орналасқан облыстық «Дос» мүгедектер қоғамдастығы» бірлестігіне жүгініп, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды автомобиль көліктерінде тасымалдау қызметін көрсету ережелерінде қарастырылған құжаттар тізімін жинақтау қажет.