Алматы облысында телефонды жанына алып жатқан оқушы қайтыс болды


14 жастағы Абзалбек Алуа Әсетқызы түнде телефонды қуаттағышқа қойып ұйықтап қалған. Таңға жуық телефон жарылып, қыз өміріне аса қауіпті жарақат алған.

Полиция қызметкерлері қыздың денесінде зорлық белгілерінің болмағанын айтты. Тағы бір болжамға сәйкес, оқушы қыз музыка тыңдап ұйықтаған екен. Кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі кездейсоқ орын алған оқиға бойынша тіркелді.