ТЖМ ақпараты бойынша, Алматы облысындағы Ақжар ауылында ("Эдельвейс" саяжайы) 20 наурызда 18 сағат 50 минутта қолдан жасалған темір бетонды тіреуіші бар террассалардың (35-40 метрр биіктіктен құлады) қопарылуы салдарынан (террассаларды жоғарыда тұрған саяжай иелері салған ) саяжай үйі қирады.
"Қопарылыс кезінде үйдің ішінде жеті адам болған. Үйіндіні қазу жұмыстары кезінде оның астынан бес адамның денесі табылып, екі тірі қалған адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 4 жасар бала да болды. Жоғарыдан құлаған темір бетон көлемі 50 м3, топырақ көлемі 75 м3 құраған ", - деп түсіндірді министрлікте.
Апатты жою жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері қатысып, соның қатарында Алматы облысының ТЖД (3 адам және бір техника), "Республикалық ОСО" (36 адам және 4 бірлік техника), "Қазселезащита"МБ (15 адам және 3 техника), "Медициналық апат орталығы" (6 адам және 2 бірлік техника) болды.