Алматы облысында темір жол составы құлаған жерде апаттық жұмыстар жалғасып жатыр

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-шілдеде 17 сағат 54 минутта Үштөбе-Қалпе темір жол өткелегінде металл сынықтары тиелген 11 вагон құлап, 3 вагон шойын жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Солтүстік бағытқа шыққан темір жол транспортының қозғалысы тоқтатылды. Оқиға орнына Үштөбе мен Алматы-1 бекетінен екі қалпына келтіруші поезд келіп жетті.
10-шілдеде 8 сағат 45 минутта отарбалардың қозғалысы қалпына келтірілді. Сол күні кешкісін бес вагон тұрғызылды.