- Құрманғазы Гүлдана..Мынау не нәрсе?..
Күтпеген жерден тап берген арнайы орган өкілдеріне жүргізуші дұрыс жауап бере алмай тұр. Дегенмен, көлігіндегі сөмкеден шыққан 6 мың доллар мен тағы 60 мың теңгені банктен алған жеке қаражатым деп бет бақтырар емес. Алайда, мектеп түлектерінің атына толтырылған құжаттарға келгенде амалсыз мойындауға мәжбүр болды. Бұл жігіт 20 шақты түлекке делдалдық қызмет көрсеткен. Яғни, түрі ұқсайтын, емтиханға орнына кіретін адамдарды тауып берумен айналысқан. Оңай олжаға кенелем деген делдалдың ойлаған іске асқан жоқ. Тестке заңсыз кірмекші болғандардың барлығы қолға түсті.
Еркебұлан Аханбай:
-ҰБТ-ға кіретін балалардың құжаттары. Балаларды алып кел деді. Алып келдім.
-Әрқайсысынан қанша ақша алу керек едіңіз?
-100 доллар.
Loading...