Алматы облысында Tikkurila лак және бояу жасауға арналған зауыт іске қосылды


"Зауыттың қуаттылығы жылына 2 000 000 литрден артық. Құрылыс кезінде арнайы модульдар пайдаланылды, олар керек болған жағдайда өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаға жұмсалған инвестиция көлемі 1 млн доллардан асады”, - делінген хабарламада.
Зауыт Tikkurila, Euro, Finncolor, ТЕКС, Ленинград бояулары брендтерін ұсынатын болады.
Өнім Қазақстанның ішкі рыногына шығарылмақ және экспорт ретінде Қырғызтан, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстанға жөнелтілмек.