«Тік ұшақ және оның бортында болған 5 адамның мүрдесі бүгін таңертең, 08 сағат 20 минутта шатқалда арасынан табылған болатын. Бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқан.
Тіұшақ табылғаннан кейін,оқиға орнына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов барған болатын. Әкім қаза тапқандарды жерлеу рәсімін өткізуді және олардың туыстарына көмек ретінде облыстық бюджеттен 1 миллион теңге бөлуді тапсырды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Қазіргі уақытта олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсетілуде. Аталған факт бойынша, қылмыстық іс қозғалды.
Тікұшақ апаты фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Жедел желі телефоны жұмыс істеуді жалғастыруда, тәулік ішінде оған 116 рет қоңырау соғылды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 17:47-де ҚР ТЖД-нің кризистік орталығынан сағат 17:10-да Талдықорған әуежайында қонуы тиіс болған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Алматы облыстық ТЖД хабарлағандай, тікұшақ сағат 15:45-те Үшарал қаласында сәтті қонып, бортына анасы мен 2 айлық баланы алып, оларды Талдықорған ауруханасына жеткізуі тиіс болған.
Тікұшақ бортында ұшқыш, гематолог дәрігер, санавиция фельдшері, кішкентай бала және оның анасы болған.