Апат 12-желтоқсанда Сарқанд ауданында, Өскемен-Алматы тас жолының 427 шақырымында болды. "Москвич-2140" автокөлігінің жүргізушісі КамАЗ жүк көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "Москвич" көлігіндегі төрт адам оқиға орнында мерт болып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі ауруханаға түсті.