Алматы облысында төрт бала улы өсімдіктен уланды

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында 18 қыркүйекте сағат 19.10-да белладонна гүлін тамаққа пайдаланғаннан кейін уланып қалған төрт бала ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі ауыр жағдайда, екеуі орташа ауыр жағдайда.

Белладонна (лат. Atropa belladonna) - аса улы өсімдік. Оның қошқыл күлгін түсті шиеге ұқсас гүлдері мен жемісі бар. Балалар 2-3 тал жемісінен де уланып қалады. Белладонна құрамында бірқатар алкалоидтар, соның ішінде атропин бар.