Алматы облысында тура жол үстінде көкпар тартысқан жігіттер жүргізушілерді шошытты

Серкеге таласқан алты жігіт көліктерге назар аудармай, жолдың екі жолағында да еркін шауып жүр. Жүргізушілердің оларды айналып өтуіне тура келген. Жігіттердің киім киісі мен ат үстінде мығым отырғандарына қарағанда, олардың тіс қаққан көкпаршы екені байқалып тұр. Бірақ шабандоздың күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін шыңдайтын спорт түрінің не себепті автобанда болғаны белгісіз. Полиция да бұл оқиғадан хабарсыз екен.

Loading...