Ауылдық жерлер мен қалалардағы жеке меншік секторда тұратын ардагерлер үшін суық су, тоқ және газ төлеміне арналған шығындары өтеледі, деді Б.Нұғманова. Сонымен бірге , оларға көмір сатып алуға 3,5 мың теңге мөлшерінде бір реткі жәрдемақы бөлінеді. Қаладағы пәтерлерде тұратын ардагерлерге қаласына қарай түрлі дотациялар бөлінеді. Мәселен, Талдықорған тұрғындары үшін ай сайынғы дотация мөлшері 1738 теңге болса, Текелі тұрғындары үшін ол - 2063 теңге болмақ. Бұл қаржы қалалардағы қызмет тарифтеріне сәйкес анықталды, дейді Б.Нұғманова.
Қазіргі жағдаймен облыста Ұлы отан соғысының 1125 ардагері мен соғысқа қатысушы 1938 адам тұрады. Алматы облыстық бюджетінен бөлінетін жалпы дотация көлемі 44,1 млн. теңге болмақ.