Әзірге 8 науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында жатыр. Соның екеуі бір тәулікке жуық жансақтау бөлімінде жатып, жалпы палатаға бүгін шығарылыпты. Өзгесі алғашқы жәрдемнен кейін үйлеріне жіберілген. Дәрігерлер ешбірінің өмірлеріне ендігі төнер қауіптің жоғын айтады. Қазір егістік алқабы тексеріліп, СЭС мамандары бактериалдық сараптама жүргізіп жатыр. Алдын ала жасалған болжамға қарағанда, жұмысшылар гербицидтен ұланған. Оған тыңайту барасында қауіпсіздік ережесін сақтамауы бірден-бір себеп.
Лариса Ролдугина, Қапшағай қалалық Тұтынушылар құқын қорғау басқармасы РММ басшысының міндетін атқарушы:
-Алдын ала болжам бойынша, барлығы да гербицидтен уланған деп отырмыз. Негізі бастапқыда 30 адам денсаулығына шағым айтып, Шенгелді ауылының ауруханасына барған. Бірақ кейін жедел Қапшағайға жетікілген. Тексеруді әліде жүргіземіз.