-Екі апта бұрын мына үйдің қабырғасын ғана қалдырған жалынның әзірге қайдан шыққаны белгісіз. Өрт тұтанғанда үй иелері мұнда болмаған. Ал көршілері қызыл жалынды көре салысымен,сөндіруге тырысады. Бірақ, бұл әрекеттерінен ешқандай нәтиже шықпаған.
Сол күні Үмбетәлиевтер туыстарының үйінде түнеуге кеткен екен. Ал қызыл жалын таңғы сағат 4 шамасында тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 сағаттан кейін бір-ақ келіпті. Олар жеткенше үйдің түгі қалмаған.
-Барлық дүние мүлкім, бәрі жанып кеткен. Көріп тұрсыздар, грамм ештеңе жоқ.
Онсыз да ауру-сырқаудан көш ашпайтын ерлі-зайыптылар екі аптадан бері мына күркеде тұріп жатыр. Қабырғасын қиранды ағаштар қалқалған қораға бергісіз бұл жерде әсіресе, түнгі салқында қиын.
Гүлмира Үмбетәлиева, Қазақстан ауылының тұрғыны :
-Тұрып жатқан жерім міне, ескі елдің дүние-мүліктерін алып, кішкене шалқа қылып жасап қойдым. Екі күн желде, ұшып кетеді, азанда қайтадан жасап аламыз.
Күркеге сыймағасын Гулмира екі баласын туыстарының үйіне жіберіпті. Бір сәтте далада қалған отбасы енді көрші-қолаңға қол жаюға мәжбүр. Көмек көрсетуге ауыл басшысы да уәде етті.
Марат Cүдербеков, Қазақстан ауылдық аймағының әкімі:
-Қазір көмек көрсету мәселесінде ауыл болып жұмыс жасап жатырмыз. - Ауылдың палаткасы бар. Сол шатырды алыңыздар уақытша. Содан кейін әрі қарай тиісті көмегін әрі қарай елмен, халықпен бірігіп көрсетеміз деп әрекет жасап отырмыз.
Десе де, бүгінге дейін бір рет қал-жағдай сұрап келуге жарамаған әкімге Үмбетәлиевтер сенген жоқ. Сондықтан олар қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.
Loading...