Алматы облысында үлкен дауға қалған көлік бекеті ашылды

Алматының сыртынан көлік бекеті ашылады дегелі қай заман?! Құрылысы баяғыда-ақ бітіп қойған вокзалдан бір кездері саудагерлер де опық жей жаздаған. Сарыла күткен көлік бекеті ақыры ашылып, бүгінде қалыпты қызметіне көшкен. Мұндағы жолаушы автобустары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына 6-7 бағыт бойынша қатынайды.

Берік Әбдірахманов, «Үшқоңыр» көлік бекетінің директоры:

-Бір уақытта бұл жерге 90 автобус сыяяды. Артында жөндеу орталығы бар. Бұл жерге келген автобустар бізден жолдама алады, сосын келісімге  отырады. Бәріне жауапты болатыныз.

Атшаптырым кең ғимараттың ішінде күту залынан бөлек, сауда бутиктері мен асхана, дәріханаға да орын табылған. Қазір мұнда 20-дан астам автобус күнделікті қатынап жатыр. Дорба арқалаған жолаушылардың да қатары көбеюде. Мегаполистен тысқары орналасқандықтан, автобустар да қалың нөпір көліктің ортасында қалмайды.

Ермек Алманов, көлік жүргізушісі:

-Кептеліс, сол бір сағаттай тұрып қаламыз. Енді қазір автовокзалымыз ыңғайлы. Үлкен автобустардың бір-біріне кіріп шығатын ешқандай зияны жоқ. Оңай кіріп-шығады. Жері де үлкен көлемі.

Дегенмен, мұнда автобустардың жүру кестесі мен жарнама тақталарын ілу, жол бойында жүргіншілер көпірін салу секілді қосымша жұмыстар әлі де жалғаса бермек. Ең бастысы, жаңа көлік бекеті қаладағы көлік кептелісін біраз жеңілдетуге септігін тигізбек. 

Loading...