Оған «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі пәтердің кілті мен жаңа теледидарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев тапсырды.
Д.Сейдуалиева - соғыс ардагері, Еңбек Қызыл ту және Даңқ ордендерінің иегері Мұқат Сейдуалиевтің жесірі. Бүгінде 91 жасқа толған Динар-зада Әбдісалыққызы 8 бала, 15 немере, 17 шөбере және бір шөпшек тәрбиелеп өсірді.
Д.Сейдуалиева атап өткеніндей, енді Жеңіс күнін ол жаңа пәтерде немереесімен бірге қарсы алмақ.
«Мен баршаңызды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын және мемлекеттің үнемі көрсетіп отырған қамқорлығы мен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамын, әсіресе ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысым шексіз», - деді Д.Сейдуалиева.