Алматы облысында ұлы өз анасын ұрып өлтірді

89 жастағы кейуана Үштөбе қаласының орталық ауруханасына күшті соққыдан болған ауыр дене жарақаттарымен түсті, дәрігерлердің айтуынша, оның бас-миына, бетіне және денесінің басқа да жерлеріне зақым келген. Медиктер егде әйелдің өмірі үшін үш күн бойы арпалысты, бірақ та оны құтқарып қала алмады.

Қаратал АІІБ полицейлері ауыр дене жарақаттары адам өліміне әкеп соққан қылмыс жасады деген күдікпен 57 жастағы ер адамды ұстады. Қазірде ол айыбын мойнына алған жауаптарын берді.

ҚР ҚК 3-бөлімі 103-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.