Алматы облысында ұшақ апатты жағдайда қонып, 2 адам жарақат алды


Күйік шалған ұшақ экипажы Бақанас ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz. Олардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Балқаш ауданында жер өңдеумен айналысқан ұшақ жекеменшік компанияға тиесілі. Апаттың шығу себебін көлік прокуратурасы мен аудандық көліктегі ішкі істер бөлімі айналысуда.