Алматы облысында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қару" шұғыл алдын алу іс-шарасы жүргізілген алғашқы тәуліктерде полиция қызметкерлері Алматы облысының Райымбек ауданында "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматын ұстады.

Олардан екі аңшы мылтығы (16-шы калибрлі, қос ауызды), екі ат, лайка тұқымды ит пен өлтірілген қабан тәркіленді.

"Қоршаған ортаға келген шығынның алдын-ала көлемі 233 мың 600 теңгені құрауда. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.