Алматы облысында заңсыз хиджама жасаған үш ер адам жауапқа тартылды

«Аймақтағы тұрғындардан шағым түскен соң хиджама жасаушы үш ер адамның кім екенін анықталды. Тұрғындар хаджамадан соң денсаулығының нашарлап кеткенін айтқан. Үш ер адамның қан алуға лицензиясы жоқ болып шықты», – деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Заңсыз жұмыс істегендер әкімшілік жауапқа тартылды. Олар 5 АЕК көлемінде айыппұл төледі.


Полиция тұрғындарды тиісті ем алу үшін білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуге шақырады.