Алматы облысында жай үйдің ауласынан сынап табылды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Талғарда 25 ақпанда 08 сағат 30 минутта бір үйдің қожайыны ауласынан төгілген сынап тапты.

"Құрамында облыстық төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік экологиялық инспекция мен мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау басқармасының мамандары бар комиссия үйдің айналасында бақша аумағында сынап тамшылары төгілгенін және резеңке контейнерде 700 жуық сынап бар екенін анықтады", - деп хабарлайды ТЖМ.

Министрліктің мәліметінше, бұл аумақта тұру сынаптың қатты булануы мен қар және топыраққа сіңуіне байланысты өмірге аса қауіпті болмақ. Зарарланған аумақта демеркуризациялық шаралар жүргізу, ол үшін арнаулы құрылымдарды тарту ұсынылып отыр. Зардап шеккендер жоқ.