арақ-шарап өнімдерін өндірумен айналысқан астыртын цехтың жұмысын тоқтатты.
Құзырлы органдар Алматы облысы Қарасай ауданында белгісіз тұлғалардың астыртын алкоголь өнімдерін сатып жүргенін анықтаған.
Қаскелең қаласында 10 500 теңгеге қолдан жасаған спирттік өнімді сатпақ болған азамат ұсталды. Оның саудалаған өнімдері және оған жабыстырылған акциздік маркалар жалған екендігі анықталған.
Бұдан әрі жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде аталған өнімдер Алматы қаласы Алатау ауданында жасалғандығы анықталып, сол мекенжай бойынша тексерістер жүргізілді. Нәтижесінде астыртын цехта нарықта аты қалыптасқан танымал маркалы 68 дана арақ және виски тәркіленген.
Сондай-ақ 175 дана жалған есептік-бақылау маркасы, бөліп құюға арналған ыдыстар - спирттік өнім құйылған көлемі 20 литрлік 2 дана цистерна, спирттік өнім құйылған көлемі 5 литрлік бөтелке, бөшке, жүйелі шлангтер және бос әйнек ыдыстар тәркіленді.
Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар сараптау тағайындалды.
«Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 233-бабы 2-бөлігі бойынша (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі Мадияр Тәжин.