Алматы облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты



Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында "Ринат" атты контейнерлік жанармай құю бекетінде 9-тамызда 0 сағат 15 минутта шыққан. Өрт салдарынан жанармай құйғызып жатқан "ГАЗ-53" автокөлігі жанып кетті.

Өрт 0 сағат 45 минутта жанармай құю бекетінің техникалық қызметкерлерінің күшімен сөндірілді, деп хабарлайды министрлік.