Мұражайдың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов қатысты. «Бүгін облыс тұрғындары үшін тамаша күн. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында Дәркембай Шоқпарұлы атындағы мұражай ашылып, Жетісу өңіріндегі мәдениет ордаларының қатары толығып отыр»,- деп атап өтті Серік Үмбетов.
Оның айтуынша, мұражайдың құрылысы үшін облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінген. Мұражайдың директоры болып Дәркембай Шоқпарұлының ұлы әрі оқушысы Дәулет Дәркембайұлы тағайындалды. Мұражай қоры 2 400 туындыдан тұрады.
Мұражай экспозициясы 210 шаршы метр аумақты алып жатыр. 6 көрме залы бар.