Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды


Оқыс оқиға бүгін Алматы-Бішкек тас жолында болды. Қалааралық тасымалмен айналысқан шағын автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Алдын-ала болжам бойынша сол микроавтобустың  жүргізушісі апатқа кінәлі. Ол екінші жолақтан кері айналмақ болып, жолдың қарсы бетінде келе жатқан көліктерді өткізбеген. Салдарынан жылдамдықты азайта алмаған жүк көлігі микроавтобусты бүйірінен соғып, бірнеше метрге итеріп тастаған. 8 адам жараланып, біреуі жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды.