Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«26 шілде күні сағат 11:00-де «Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты»,- делінген хабарламада.

Дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.