-Мына жерде асаба сөйлеп тұрды. Мына жерде мен гүл лақтырған кезім...
Күні кеше ғана келін болып түскен Зарина енді жесір. Сүйікті жары Қайраттан тек тойда түскен суреттер қалған.
Зарина Жемкотова:
-Қатты дауыс естілді. Өзім түсінбей қалдым. Артыма қарасам күйеуім жоқ. Алдыма қарасам машинаның алдында күйеуім жатыр. Сөйлей алмай қалдым. «Тоқта» деп орысша да қазақша да айқайладым. Бірақ жүйіткіген ол, тоқтаған жоқ.
Қайрат 31-ші желтоқсанда түнгі кезекшілікте болып, ертеңіне жұмыстан оралған екен. Ішкі әскер қызметкері сол күні келіншегін қыдыртып екеуі мына жол бойымен қол ұстасып келе жатыпты. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлік бір-ақ сәтте осы жас отаудың ойранын шығарған.
-Күндіз-түні жұмыста болды. Елдің тыныштығын қорғап. Енді ешкімге керек болмай қалды.
«Мерседес» тізгініндегі жүргізуші ізін суытқанымен, оқиға куәгерлері оны бірден таныған.
Мейірлан Төлегенов, оқиға куәгері:
- Ол Бакиев Макс деген баланың «Мерседесі» болды.
– Ол кім?
– Полиция қызметкері.
Қара жамылған отбасы жалғыздарын қаққан полицейдің үстінен шағымданған. Қылмыстық іс әрең дегенде қозғалыпты. Енді мүлдем жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Өйткені, аға лейтенант Максим Бакиевтің әкесі Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде лауазымды қызметте. Оның үстіне адам қаққан әріптестерін жергілікті полицейлер жұмысынан ғана уақытша шеттетіп, жайына жібере салған
Ұлан Садықов, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ бастығының орынбасары:
- Бакиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалуына байланысты уақытша өзінің лауазымынан алынды. Сот шешімі шыққанша ,жұмыстан аластатылды.
- Максим Бәкиевтің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан,полиция қызметкері қазір бостандықта. Оған жол ережесін өрескел бұзды және оқиға орнынан қашып кетті деген айыптар тағылған. Дегенмен, Тоқтасыновтар отбасы бастық баласы жазадан сытылып кете ме деген үреймен отыр.
Loading...