Алматы облысында жауынгерлік оқ-дәрілерді сатып жүрген әскери қызметкер ұсталды

Қатардағы жауынгер 16-сәуір күні сағат 4-те әскери бөлімшенің жанында 5,45 мм-лік 4320 оқы сатпақ болған жерінен қолға түсті.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыстық істі ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасына жіберу мәселесі шешілуде. Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды.