"Біз Калинин көшесінің бойындағы екі пәтерлі үйлерде небәрі 22 отбасы тұрамыз. Үстіміздегі жылдың ақпанында біздің көшенің аяғынан 10 метр жерде "Даму" индустриялық -логистикалық орталықтың құрылысы басталған болатын. Одан кейін құрылыс салушы компания біздің учаскенің үстінен, үйден 20-25 метр қашықтықта осы орталыққа баратын жолдар сала бастады",- деп хабарлады ауыл тұрғыны Владимир Госман.
Оның айтуынша, Әбіш Тойлыбаевтың иелігіндегі компанияның құрылыс салуға ешқандай рұқсат құжаты жоқ. "Біз жергілікті органдарға, ауыл және аудан әкімшілігіне арыз шағымдар жаздық. Біздің арызымызға жауап ретінде аудан прокуроры аудан әкімінен құрылыстың заңды немесе заңсыз екендігін анықтауды талап етті",- деді В. Госман.
"Біздің қолымызда аудан әкімінің қолы қойылған хат пен оған қосымша ауданның өрт сөндіру және санитарлық қызметінің, аудан архитектурасының бұл жерде темір жол салуға болмайтындығы туралы қорытындысы бар. Яғни, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен тәртіптеріне сәйкес жол салуға болмайды, немесе тұрғындарды көшіру керек",- деп хабарлады В. Госман.
Ауыл тұрғындарының өкілдері журналистерге Іле аудандық сотының 29-тамыздағы теміржолдың рұқсат ету құжатынсыз салынып жатқандығы туралы және жеке меншік учаскелері арқылы өтетіндігі туралы шешімін көрсетті. Сот "Инвест Капитал Риэлти" ЖШС-не заңсыз салған теміржолды бұзу және оған айыппұл салу туралы шешім шығарған. Бірақ, баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, сот шешімі осы күнге дейін орындалмаған, ал жол салу жұмыстары әлі де жалғасуда.
"Сот атқарушысы құрылыс болып жатқан жерге келіп, бұзылатын құрылыс учаскесін қоршап кеткен, сөйтсе де олар қоршауды жұлып тастап, жол салуды жалғастыруда",- деді В. Госман.
Баспасөз қызметіне қатысушылардың айтуынша, құрылыс салушылар тарапынан тұрғындарға бірнеше рет қоқан-лоққы көрсетілген. "Біздің ауданда бассыздықтар болып жатыр, біздің жеке меншік жерімізге құрылыс салынуда. Тіптен, соңғы үш күнде адамдар жүретін, балалар мектепке баратын жерлерде қолдарына қару ұстаған күзет қойылды. Біздің өмір сүруіміз қауіпті бола бастады. Маған және менің отбасыма тікелей қоқан-лоққы көрсетілді",- деп хабарлады В. Госман.
"Бүгінде бізді құрылысшылар арасында қақтығыс болмасын деп күзетуде, ал мұндай қақтығыстар көптеп болып жатыр. Мұндай қақтығыстар кезінде полицейлер келгенде құрылысшылар құрылыс орнын кетіп қалады, ал полицейлер кетісімен олар қайтып келіп, өз жұмыстарын жалғастырады. Сөйтіп, олар жұмыстың біраз бөлігін атқарып та үлгерді, небәрі 300 метрдей бөлігі ғана қалды",- деп хабардар етті ол.
Оның айтуынша, 11 үйдің тұрғындары құрылыс салушы компания теміржолды "тікелей біздің учаскеміз арқылы, тереземіздің дәл түбінен " салып бітіріп, оны пайдалана бастай ма деп қорқуда. Сондықтан да тұрғындар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шағым хат жазып, елбасынан "Конституцияның кепілі ретінде өздерін құрылыс салушылардың озбырлығы мен бассыздықтарынан қорғауды" сұрайды.
Бұрын хабарлағанымыздай, 15-қарашада Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елбасы "Алматыдағы заңсыз құрылыстар салу - бұл еліміздің заңдарын өрескел белден басудың салдары", деген болатын.
"Ешкімнің өз еркімен жерді басып алуға құқығы болмауға тиіс - ол үшін заңда қатаң қылмыстық жаза қарастыру керек",- деп атап көрсетті президент. Жер телімдерін тәркілеудің барлық процедуралары айқын және қоғам бақылауында болып, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік бермеу үшін олар заңмен реттелуі керек",- деді Н. Назарбаев.
Ол сондай-ақ, "жерді тәркілеуде тәртіп орнату қажет", деп атап өтті. "Осы мәселелерді бақылаудың механизмдерін әзірлеу керек",- деп атап көрсетті президент. "Мемлекеттік қажеттілік дегенді жаппай алға арта бүркемеленіп, жер учаскелері босатылып жатыр, онда кейіннен аса қымбат тұратын элиталық тұрғын үйлер, сауда үйлері немесе кеңселер бой көтеруде",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті