Алматы облысында жекеменшік үйде болған өрттен жас жігіт қаза болды

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау екі сағаттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылды.

Бүгін түн ортасында Алматы облысының Бөлек ауылында жекеменшік үйде өрт орын алды. Ол бір сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 4 маманы жұмылдырылды. 6 шаршы метр жер жалынға оранды. Оқиға орнынан 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Осы келеңсіз жағдайдан екі сағат бұрын Петропавл қаласында «Бушин А.М» ЖК доңғалақ монтаждау шеберханасына қоса салынған отын қоймасында өрт орын алды. Тілсіз жау жарты сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 9 адамы тартылды. Салдарынан түрлі дәрежедегі күйік шалған 62 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.