Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Апат Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 30-шы шақырымында болды. "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі "Икарус" автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан "Жигули" жүргізушісі оқиға орнында жан тәслім етіп, үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.