Алматы облысында жер асты дүмпулері тіркелді

Агенттік ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің кіндігі Жоңғар Алатауында тіркелген. Сілкініс ошағы солтүстік ендіктің 44 градус 46 минутында, шығыс бойлықтың 78 градус 48 минутында орналасты. Сілкініс ошағында оның қуаты 2 баллға жетті. Құрбан болғандар мен қирап бүлінген ештеңе жоқ.