Алматы облысында жер сілкінісі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

11 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:27-де Төтенше жағдайлар министрлігінің "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,0, магнитудасы - MPV 4,3", - делінген хабарламада.