"Діни жол-жоралғылар жасауға арналған құрылыс нысандары қиратылған жоқ",-дейді полицейлер.
Өткен сейсенбі күні сот атқарушылары үйлерді қирату үшін ауыр техниканы алып келді, оның ішінде кран, бульдозер, екі "КамАЗ" автокөлігі және үш автобус бар. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында және сот шешімін орындаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін Қарасай аудандық ІІБ-ның 67 қызметкері жұмылдырылды",-деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, "Общество сознания Кришны" мүшелеріне тиесілі құрылыстарды қирату туралы шешімді, Қарасай аудандық әкімдігінің шағымы бойынша 2005 жылдың желтоқсан айында аудандық сот шығарған болатын. Жергілікті басшылардың бұйрығына сәйкес, бұл құрылыстар заңсыз, себебі кришнаиттердің сатып алған жер телімдерінде типтік шартта көрсетілгендей бау бақша үйі емес "жиналыс, съезд, діни жоралғылар және ұйым мүшелеріне арналған жатақхана ретінде пайдаланатын баспаналар мен ғимараттар салынған", яғни белгіленген мақсаты өзгертіліп отыр.
Қарасай ауданындағы жер учаскесін бұл ұйым 1999 жылы сатып алған.
Ұйымның баспасөз қатшысы Максим Варфоломеевтың агенттікке берген түсініктемесіне қарағанда, жер учаскесін мақсатты түрде пайдаланбады деген айып негізсіз, өйткені мұндай өзгерісті тек аудан әкімі ғана енгізе алады, ал жеке тұлғалардың оған құқығы жоқ. "Аудандық жер комитеті мәтіні өзгертілген құжатты нотариустың түсініктемесінсіз қабылдамайды , себебі жер комитетінің қызметкерлері үшін бұл мемлекеттік акті беруге кедергі келтіретін заң бұзушылық болып табылады",-деді ол.
М. Варфоломеев, Қарасай ауданы әкімінің қол қойған жерге берілген актілердің бірінде, пайдалану мақсаты туралы мәтіннің үстінен өзгертулер енгізенін айтады. "Яғни жер комитеті, басшылардың қол қойған және аудан әкімі қол қойған құжаттарынан алты жыл өткеннен кейін ғана қате тауып отыр, ал жалған құжат жасады деген айып ұйымға тағылуда",-деді баспасөз хатшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті