Алматы облысында жоғалып кеткен 11 жасар баланың өлі денесі табылды


Күн күрт суытқан соң әкесі өрістегі малдың жанында қалып, ұлын үйіне жіберіпті. Бірақ жеткіншек сол күйі ауылға баратын жолды таппай, адасса керек. Жоғалған баланы іздеуге құтқару қызметі, полиция мен ауыл тұрғындарын қосқанда жалпы саны 120 адам қатысқан. 4 күн тау ішін шарлаған із кесушілер мәйітті тек бүгін, Ақтан ауылы маңынан тапты. Жеткіншек суықта үсіп өлді деген болжам жасалып отыр. Дегенмен нақты себебі сот сараптамасынан кейін белгілі болмақ.